NOMAD (Номад) - новости Казахстана




КАЗАХСТАН: Самрук | Нурбанкгейт | Аблязовгейт | Январская трагедия | правительство Бектенова | правительство Смаилова | Казахстан-2050 | RSS | кадровые перестановки | дни рождения | бестселлеры | Каталог сайтов Казахстана | Реклама на Номаде | аналитика | политика и общество | экономика | оборона и безопасность | семья | экология и здоровье | творчество | юмор | интервью | скандалы | сенсации | криминал и коррупция | культура и спорт | история | календарь | наука и техника | американский империализм | трагедии и ЧП | акционеры | праздники | опросы | анекдоты | архив сайта | Фото Казахстан-2050











Поиск  
Четверг 25.04.2024 03:13 ast
01:13 msk

Нурсултан Назарбаев принял участие в торжественном открытии четвертого Всемирного Курултая казахов
В Курултае приняли участие более 700 участников из 35 стран дальнего и ближнего зарубежья, регионов Казахстана, городов Алматы и Астаны
26.05.2011 / политика и общество

"Ак Орда", 25 мая

Сегодня Президент Республики Казахстан, Председатель Президиума Всемирной ассоциации казахов Нурсултан Назарбаев принял участие в торжественном открытии четвертого Всемирного Курултая казахов, который проходит в столице Казахстана Астане.
Заседание Курултая состоялось во Дворце Независимости. В Курултае приняли участие более 700 участников из 35 стран дальнего и ближнего зарубежья, регионов Казахстана, городов Алматы и Астаны. В их числе представители творческой интеллигенции, государственных и общественных организаций, лидеры молодежных организаций и студенческих объединений, депутаты Парламента Казахстана, депутаты парламентов зарубежных стран, ученые, академики, представители бизнеса, спорта, члены национально-культурных центров Казахстана и зарубежных стран. Особенность Курултая в этом году состоит в том, что свыше 60 процентов делегатов составляет молодежь до 30 лет.
Открывая заседание, Глава государства приветствовал всех делегатов, прибывших для участия в Курултае, на священной казахской земле, в сердце Евразии.
– Встреча на родной земле соотечественников, по воле судьбы оказавшихся в разных уголках мира, для нас большая радость. При этом нынешний курултай – особенный, поскольку мы собрались здесь в преддверие 20-летия Независимости нашей страны. Символично, что наш Курултай проходит во Дворце Независимости, рядом с монументом "Қазақ елі". Настало время осмыслить наше прошлое и наши достижения, – сказал Президент.
– В 1992 году на первом курултае я выразил уверенность в том, что в ближайшие годы вы увидите расцвет нашей Родины. Это свершилось, и за короткое время Казахстан стал одним из динамично развивающихся государств мира. У нас сильная экономика, устойчивая политическая система, богатая земля и трудолюбивый народ. Сегодня нас уважает весь мир. Казахстан стал первым в мире государством, отказавшимся от ядерного оружия. Наша страна – активный участник глобального антиядерного движения. Мы обезопасили границы нашего государства. В кратчайшие сроки мы возвели посреди степи чудо-город – Астану, – сказал Нурсултан Назарбаев.
Президент отметил, что в Казахстане создана образцовая модель межэтнического и межконфессионального согласия. Казахский народ сплотил вокруг себя все этносы Казахстана, проявив великую мудрость и великодушие. За минувшие годы Казахстан сумел преодолеть три глобальных кризиса и вступил в новую эру. Если в 1994 году ВВП на душу населения был 700 долларов, то сегодня он составляет 9 тысяч долларов США.
– Ни одно государство в истории не достигало таких результатов за 20 лет независимости. По уровню благосостояния народа мы опережаем государства СНГ и по международному рейтингу стоим на 50 месте. Казахстан в числе первых 50 государств по уровню международных резервов. Вместе с Национальным фондом они достигли 73 млрд. долларов. Во время кризиса многие государства сокращали пенсии, зарплаты и социальные выплаты. Мы наоборот год от года их повышаем, – сказал Президент.
Глава государства отметил, что в Казахстане реализуется Программа индустриально-инновационного развития. Только за прошлый год в Казахстане введено в строй 800 новых производств. В ближайшие годы будет реализовано более 300 проектов более чем на 8 триллионов тенге. Больше 200 тысяч человек будут обеспечены новыми рабочими местами. Принят Стратегический план развития до 2020 года.
Глава государства отметил, что Казахстан достиг больших успехов на международной арене. Казахстан стал первым государством в СНГ и Азии, председательствующим в ОБСЕ. В Астане состоялся первый в новом веке Саммит этой организации. В ближайшее время начнется председательство Казахстана в Организации Исламская Конференция, объединяющей 57 мусульманских государств. Выдающимся событием стали Зимние Азиатские игры.
Нурсултан Назарбаев отметил, что за годы Независимости казахский язык обрел статус государственного и получил широкое распространение. На казахском языке обучаются свыше полутора миллионов детей. Сейчас в государственных органах делопроизводство переведено на государственный язык. В своем Послании Президент поручил к 2020 году довести долю владеющих государственным языком, как минимум, до 95 процентов.
Глава государства отметил, что 20 лет также исполняется великому переселению соотечественников на историческую родину. За эти годы более 300 тысяч семей переехали в Казахстан. Население страны увеличилось почти на 1 миллион человек. Государство оказало им большую помощь. По указу Президента с 2008 года ежегодная квота на переезд соотечественников увеличена до 20 тысяч семей. Чтобы систематизировать работу по возвращению соотечественников, была принята программа "Нурлы кош".
Нурсултан Назарбаев подчеркнул, что сегодня необходимо принять ряд мер.
Во-первых, в Парламенте рассматривается закон "О миграции населения". Новый закон позволит улучшить положение соотечественников. Будут устранены различные трудности, связанные со сдачей документов, получением регистрации и гражданства. Планируется разработка второго этапа программы "Нурлы кош".
Во-вторых, 60 процентов делегатов курултая – молодежь. В Казахстане создаются все условия для того, чтобы казахская молодежь со всего мира могла получить качественное образование.
В-третьих, зарубежным соотечественникам оказывается помощь в поддержании тесной связи с Казахстаном. Министерство связи и информации должно обеспечить вещание канала "Каспионет" во всех странах, где проживают казахи. Глава государства поручил рассмотреть возможности увеличения числа программ об истории и традициях казахов. Министерству необходимо создать специальный веб-портал для расширения сообщества казахской молодежи по всему миру.
В-четвертых, необходимо создать условия для широкого распространения национальной культуры в странах, где проживают казахи. Нужно систематически проводить дни казахской культуры в таких странах.
В-пятых, осуществляется поддержка проведения малых курултаев за рубежом.
Глава государства отметил, что этой работе будет содействовать Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына".
Также на заседании выступили профессор, доктор исторических наук Кесседжи Абулкаюм (Германия), акын Бауржан Карагызулы (Монголия), заслуженный учитель Нургайша Баринова (Россия) и руководитель официальной делегации СУАР КНР Тлебалды Абдрашид (КНР).

-----

Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на четвертом Всемирном курултае казахов

Ардақты әлеумет!
Төрткүл дүниедегі қазақты туған жердің төсінде қауыштырған осы құрылтайға келіп отырсыздар. Бүкіл еліміз Қазақстан сіздерді құшағын ашып, шын жүректен, қуанышпен қарсы алуда.
Осы күні еліміздің ақпарат құралдары, зиялы қауым, жастар, барлығы да сіздердің келгендеріңізден хабардар. Жолдарыңыз ақ болсын, хош келдіңіздер деген қуанышымызды білдіргім келеді.
Баршаңызды қасиетті қазақ жерінде қарсы алып отырғаныма мен де зор қуаныштымын.
Еуразия төріндегі ұланғайыр атажұртқа сіздер әлемнің 35 елінен келіп отырсыздар.
Туған топыраққа сағыныштарыңызды арқалап жеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Қасиетті қазақ жеріне, жерұйық-мекен Астанаға келген "қадамдарыңыз құтты болсын, ағайын!" деп тағы бір рет айтқым келеді.
Қымбатты бауырлар!
Құрылтай – тойласу үшін емес, ойласу үшін шақырылатын жиын екенін баршаңыз білесіздер.
Бабаларымыз ел тағдыры таразыға түскен тұста, жаңа белеске қадам басар шақта құрылтай шақырып, кеңес құрған.
Біз бүгін сол игі дәстүрдің ізімен жиналып отырмыз.
Тағдыр талайымен төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен ағайынның атамекенде бас қосуы бәрімізге зор қуаныш.
Десек де, биылғы құрылтайымыздың жөні бөлек, жолы ерек, маңызы айрықша.
Өйткені біз тәу етер Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тұсында жиналып отырмыз.
Сондықтан, бүгінгі құрылтайдың "Қазақ елі" монументі жанындағы мынау біз отырған Тәуелсіздік сарайында өтуінің өзіндік зор мәні зор!
Ендеше, өткеніміз бен жеткенімізді байыптап алар сәт туып отыр, ағайын. Соны мен сіздерге біраз баяндап өтейін.
Қадірлі құрылтай қонақтары!
Бізді бүгін осы салтанатты ғимаратқа ортақ ниет, ортақ мақсат жинап отыр.
Ол – елдіктің жайы, ел болудың қамы.
"Ер қонысынан айырылса, ел ырысынан айрылады" дейді дана халқымыз.
Ен даланы еркін жайлаған бабаларымыз қашанда ел деген ұлы ұғымды Құрандай қастерлеп, ұрандай ұстанып келген.
Бостан күндер бастан ауып, бодан күндер басқа түскен кер заманда да еркіндік пен елдіктен еш уақытта үмітін үзбеген.
Баршаңыз білесіздер, бүгінде жер жүзінде мыңдаған ұлттар ғұмыр кешуде.
Алайда, өзінің тәуелсіз мемлекетін құру олардың бәріне бірдей бұйырмаған.
Алып планетадан туын тігер алақандай төбе таба алмай жүрген халықтар қаншама!
Олардың арасында саны жағынан қазақты сан орап кететіндері де бар.
"Бақ – бағалағанның басында тұрады" дейді.
Сондықтан біз басымызға қонған бақты бағалай білейік, ағайын.
Аталарымыздың сан ғасырлық аңсары болған тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, оны нығайта беруіміз қажет.
Біздің арғы-бергі тарихымызда елдің еңсеріле көшулері аз болмаған.
Әуелі, еске түсірсек, "Қайранда менің Еділім" деп ел айырылған зарлы көші өшпес із қалдырды.
Ұлы дала Қаратаудың басынан құлаған қаралы көштің де куәсі болды.
Одан беріде тағдыр талайымен шетел асқан шерлі көшті де бастан кешірдік.
Ал тәуелсіз мемлекет құрып, жасампаз өмірге бет бұрған бүгінгі көштің жөні бөлек.
Бұл ауған ел қайта оралған, айырылған ағайын қайта табысқан Ұлы көш болып саналады.
Біз ғасырлар бойы замана дауылымен жөңкіле көшіп, ғасырлар тоғысында туған елдің төріне біржола табан тіредік.
Мен бір айтқан сөзімде:
"Күйінсін жауың, сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің" деп едім. Дұшпанды күйіндірген, досты сүйіндірген құтты көш болды.
Біз қанша еліміз кең, осындай кең-байтақ деп жүрсек те, дәл бүгінгідей өз мемлекеттігіміз болған жоқ. Қазақтың табан тірейтін, дәл қазіргідей мағынада "елім, жерім" дейтін мемлекеті болған жоқ. Мұндай ауқымда еларалық шекараны ресми шегендеген жоқ. Өзінің шылбыр-тізгіні қолына тиген жоқ. Барлығын біз осы бір жиырма жылда, қысқа қас-қағым уақытта орнына келтірдік. Ата-бабаның арманын орындадық. Біз бақытты ұрпақпыз.
Қадірлі қауым!
Алыстан ат сабылтып жеткен ағайын!
Естеріңізде болса, 1992 жылғы тұңғыш құрылтайда:
"Құрылтайға қатысқан қонақтар Қазақстанның гүлденіп-көркейгеніне таяу жылдарда куә болар" деп айтып едім.
Сондағы тілегім Жаратқанға жеткендей, айтқаным келіп, Қазақстан аз уақытта әлемге танылған айдынды ел болды.
Экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, жері дәулетті, елі сәулетті мемлекет ретінде ірге орнықтырды.
Бүгінде бізді бүкіл әлем сыйлайды, бүтін дүние санасады.
Өйткені Қазақ елі адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қадамға барып, атом қаруынан өз еркімен бас тартты.
Ядросыз әлем құру бастамасы арқылы Жер жүзіне ізгіліктің өнегесін көрсетті.
Біз мемлекетіміздің іргесін орнықтырып, еліміздің шекарасын шегендедік.
Аз жылдың аясында Арқа төсінде, мынау өздеріңіз көріп отырған, ғасырдың ғажайыбы атанған арайлы елордамыз, асқақ Астананы тұрғыздық.
Кезінде желмая мініп жер шолған Асан қайғы бабамыз Есілдің бойын көргенде: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен" депті.
Сол айтқандай, сіздер алты жылда шын мәнінде жерұйыққа айналған Астананы көріп отырсыздар.
Қазақ жері татулықтың туын тігіп, ұлтаралық, дінаралық келісімнің әлем үлгі тұтатын айшықты мысалына айналып отыр.
Қазақ халқы ұлысты ұйыстырушы ұлт ретінде өзге этностарды бауырына басып, даналығы мен дархандығын көрсете білді.
Осы жылдар ішінде еліміз жаһандық ауқымдағы 3 дағдарыстың толқынына төтеп беріп, жаңа дәуірге қадам басты.
Біз дағдарыс тұсында дамудың даңғыл жолына түскен ел атандық.
Егер 1994 жылы ішкі жалпы өнім әр адамға шаққанда 700 доллардан болса, бүгін ол жан басына 9 мың доллардан келіп, ол 12 есеге өсті!
Әлемдік тәжірибеде өз тәуелсіздігінің 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізіп көрмеген екен.
Біз халықтың әл-ауқаты бойынша ТМД елдерін озып, халықаралық рейтингте 50-ші орынға ие болдық.
Қазір Қазақстан халықаралық резервтер деңгейі бойынша дүниедегі алғашқы 50 мемлекеттің қатарында.
Ұлттық қорды қосқанда, біздің 73 миллиард доллар қаражатымыз бар.
Дағдарыс жылдарында әлемнің көптеген елдерінде жалақы, зейнетақы, шәкіртақы қысқартылып жатты. Ал біз, керісінше, бұл көрсеткіштерді жылдан-жылға өсіріп отырмыз.
Соңғы 10 жылда мұғалімнің жалақысы 5 есе, дәрігердің жалақысы 7 есе, зейнетақының орташа мөлшері 6 есе өсті.
Жыл сайын 6 миллион шаршы метрлік тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз.
Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейтін болады.
Өткен жылы біздің еліміздегі ішкі жалпы өнімнің өсімі 7 пайызды құрады.
Біз бұл көрсеткіштерге тоқмейілсіп отырған жоқпыз.
Бүгінде біз индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудамыз.
Бұл бағдарлама елімізді жаңа биікке шығаратын болады.
Біз шикізатқа малданатын, оның әлемдік бағасына алданатын ел болмауға тиіспіз.
Кен байлығы таусылмай қоймайды. Бәрінен де керегі – ел байлығы.
Ел байлығы дегенім – бәсекеге қабілетті экономика мен жаңа технологияны игерген білікті мамандар болып табылады.
Қазақстанда өткен бір жылдың өзінде 800-ге жуық өндіріс орны құрылды.
Таяудағы бірнеше жылда біз құны 8 триллионнан астам теңге болатын 300-ден астам жобаны жүзеге асырамыз.
Соның арқасында тағы да 200 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Біз ел дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын жасадық.
Ол кезеңде еліміздегі ішкі жалпы өнімнің көлемі кемінде 30 пайызға өсуі тиіс.
Жақын жылдары Қазақстан Еуразияның ірі көлік торабына айналмақшы.
Қазір біздің еліміз арқылы Батыс Қытай – Батыс Еуропа автожолының құрылысы қауырт жүріп жатыр.
Ұлы Жібек жолын жаңғыртатын бұл дәліз арқылы жүк жеткізу теңіз жолымен салыстырғанда 3 есеге қысқаратын болады.
Бұл жол шетелдегі қазақ кәсіпкерлеріне де мол мүмкіндік ашады.
Қазақ елінің табыстары әлемдік саясатта да салтанат құруда.
Біз ТМД және Азия елдері арасында алғаш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік.
Беделді ұйымның мыңжылдықтағы алғашқы алқалы Саммитін өткіздік.
Өткен жылы осы сарайда 56 елдің басшылары бас қосып, әлем дамуының аса маңызды мәселелерін талқылады.
Астана Саммиті қазақтың абыройын жаһанға жайып, еліміздің жұлдызын жоғарыдан жандырды.
Бұйыртса, биыл қазақ елі тағы бір биік белесті бағындырайын деп отыр.
Ол – еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі.
Ислам дінін ұстанатын 57 мүше-елі бар. Бұл ұйымның тізгінін ұстау бізге зор жауапкершілік жүктейді.
Күллі мұсылманның басын қосқан ұйымға төрағалық ету Қазақстанның ислам әлеміндегі беделін биіктете түсетін болады.
Қазақ қазақ болғалы біз дәл мұндай биікке көтерілген емеспіз.
Сол беделді биігіміздің тұғырынан таймайық, бауырлар!
Саммиттен кейінгі тағы бір орасан оқиғаның бірі – Қысқы Азия ойындары болды.
Астана мен Алматыда қатар өткен дүбірлі Азиадада ел спортшылары құрлық біріншілігін жеңіп алды.
Бұл дүбірлі жарыс та еліміздің абыройын асырып, айдынын тасыта түсті.
Биылғы жылғы сәуір айында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өткенін баршаңыз білесіздер.
Бұл сайлау біздің елдігіміз бен ынтымағымыздың мерейін үстем етті.
Елдіктің ерен ерлігін, бірліктің баянды жемісін бүкіл дүниеге тағы да бір паш етті.
Бірлік болмай, елдік болмайтынына көз жеткізді.
Бірқатар елдерде орын алған халық наразылығын біліп отырсыздар.
Ол толқулар ең алдымен әлеуметтік мәселелердің асқынуымен байланысты.
Біздің елдегі Президенттік сайлау – халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын айғақтап берді.
Сайлаудан кейін мен халықтан көптеген құттықтаулар, тілектер алдым.
Олардың арасында алыстағы ағайыннан келгендері де аз емес.
Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, баршаңызға шынайы алғысымды айтқым келеді.
Шын жүректен шыққан ризашылығымды қабыл алыңыздар!
Бір қазақ ретінде мен ғұмыр бойы білігім мен қайрат-қабілетімді қазағым үшін жұмсап келе жатқан адаммын.
Құдай денсаулық берсе, халқыма әлі де аянбай қалтқысыз қызмет ете беремін деп сенемін.
Қымбатты қандастар!
Ахмет Байтұрсынұлының: "Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады" деген сөзі бар.
Біздің тәуелсіздікпен бірге сөзіміз тіріліп, өзіміз еңсе тіктедік.
Бабадан жеткен қасиетті қазақ тілінің осы жылдары мемлекеттік мәртебе алып, құлашын кеңге жая түскенін білесіздер.
Естеріңізде болса, 1991 жылы қазақ мектептерінде оқитын шәкірттердің жалпы саны 32 пайыз ғана болатын. Сөйтіп, біздің тіліміз кеңес заманында жойылуға тақады.
Бүгінде ол көрсеткіш екі есеге артып, мектептерде бір жарым миллионнан астам бала қазақ тілінде білім алады.
Аралас мекемелерді қосқанда, барлық балабақшалардың 90 пайызға жуығы қазақ тілінде тәрбие беруде.
Қазір мемлекеттік органдарда іс жүргізу негізінен қазақ тіліне көшірілді.
Мен "Қазақстан" телеарнасына биыл күзден бастап толық мемлекеттік тілде хабар таратуға тапсырма бердім.
Балалардың тіл үйренуіне көмектесетін "Балапан" деген арнайы телеарна ашылды.
Таяу кезеңде қазақ тілінде "Мәдениет", "Білім" деген жаңа телеарналарды іске қосуға әзірлік жүруде.
Қазақ тілінде шығатын басылымдардың саны да жыл сайын арта түсуде.
Егер 1991 жылы, біз тәуелсіздік жариялаған жылы, Қазақстанда қазақ тілінде небәрі 82 басылым шыққан болса, бұл көрсеткіш биыл 523-ке жетті.
Еліміздегі кітаптардың 80 пайыздан астамы қазақ тілінде жарық көруде.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, қазақ тілінің құлашын кеңге сермейтін күні алыс емес деп сенемін.
Мен биылғы Жолдауымда 2020 жылға қарай қазақ тілін білетіндердің саны кемінде 95 пайызды құрауы тиіс екенін айттым.
Қазірдің өзінде қазақ балабақшаларына өзге этнос бүлдіршіндері көптеп келуде.
Балаларының келешегін мемлекеттік тілмен байланыстырып қарайтындар ұл-қыздарын қазақ мектептеріне беруде.
Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығады деп межелеп отырмыз.
Тәуелсіздіктің тірегі – ұлттық сана екенін білесіздер. Ал ұлттық сана тарих пен мәдениет арқылы қалыптасады.
Осыған орай, елімізде "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан ұланғайыр қаржы бөлінуде.
Бағдарлама бойынша барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуде ұланғайыр іс атқарылды.
Соның арқасында 100-ге тарта тарихи-мәдени нысан жаңғыртылып, оның 73-інде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Шетелдерден тарих пен мәдениетімізге қатысты 5 мыңнан астам құнды деректер табылып, көшірмелері елімізге әкелінді.
Әлемдік ақыл-ойдың ең озық үлгілері қазақ тіліне аударылып, олар том-том кітап болып жарық көруде.
Бұл құндылықтар келешекте жастардың бойына ұлттық сананы сіңіруге жол ашады.
Ұлттық фольклорымыз "Бабалар сөзі" деген атпен 100 томға жинақталып жарық көруде.
Сондай-ақ, әр қиырда шашылып жатқан ұлттық музыкалық мұрамыз да жинақталды.
Оларға шетел қазақтарының әндері мен күйлері де енгізілгенін атап өткім келеді.
Діңгегі берік ұлттық руханиятымыз бен ата дініміз өркен жайып келеді.
1991 жылы Қазақстанда небәрі 68 мешіт болатын, бүгінде олардың саны 2400-ге жуықтады.
Қашанда толеранттықты ту еткен біздің елде дін бостандығына барлық жағдай жасалған.
Тек өткен жылдың өзінде еліміздің 3 300 азаматы Мекке-Мединеге барып, қасиетті қажылық парызын өтеп қайтты.
Құт қонған қазақ елі сан түрлі дін өкілдерінің басын 3 рет қосып, бүкіл әлемдегі діндарлардың сауабын алды.
Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының құрылтайларын өткізу еліміздің игі дәстүріне айналды.
Құрметті қандастар!
Биыл тәуелсіздікпен бірге атамекенге ат басын бұрған Ұлы көшке де 20 жыл толды.
Бүгінгі Құрылтай осындай мерейлі белеспен тұспа-тұс келіп отыр.
Сондықтан, биылғыдай баталы жылы біздің бастамаларымыз жемісті болуға тиіс.
"Елге ел қосылса – құт" дейді дана халқымыз.
Азаттықтың елең-алаңындағы күрделі кезеңге қарамастан көшіміз көлікті болды.
Содан бері ұлы көш бір сәтке толастаған емес.
Ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді.
Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Дүниежүзінде өз қандастарын еліне шақырып, қаражат бөлген біз үш-ақ мемлекеттің біреуіміз. Өздеріңіз білесіздер, ол – Израиль, Германия және Қазақстан. Үкіметтің тарапынан келген ағайындарға біраз көмек көрсетіліп жатқанын білесіздер.
Халқымызда "Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы" деген ұлағатты сөз бар.
Сондықтан қай қиырда жүрсек те "Қазақстан" ұғымы біздің жүрегіміздің түкпірінде сақталуы тиіс.
Сіздер "сүйегім атажұртымда жатса" деп тілеген аталар аманатын арқалап келіп отырсыздар.
Шеттегі бауырларымыздың табанына кірген шөңге, біздің жан-жүрегімізді де сыздатуы керек.
Менің Жарлығыммен 2008 жылдан бастап қандастардың жыл сайынғы көшіп келу квотасын 20 мың отбасыға көтердік.
Елге ағылған ағайынның көшін жүйелеу мақсатында "Нұрлы көш" бағдарламасын қабылдадық.
Оны ойдағыдай іске асыруға мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөлінді.
"Нұрлы көш" бағдарламасы аясында іргелі істер атқарылды.
Бірқатар облыс әкімдері көшіп келген қандастарға арнайы ауылдар салып, игілікті іс тындыруда. Жұмысқа бейімдеу үшін орталықтар құрдық. Шеттен келгендерге тіл үйрету шараларын қолға алып жатырмыз.
Мен Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысындағы осындай елді мекендерді өзім барым көрдім. Келіп жатқан, қоныстанып жатқан ағайынның қуанышында шек жоқ.
Қадірлі бауырлар,
Ата жұртын аңсап келген ағайын!
Бүгінгі алқалы жиында қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындап алуымыз керек.
Сондықтан, алдағы мақсат-міндеттерді бірлесіп белгілеп алғанымыз жөн.
Біріншіден, Парламентте "Халықтың көші-қоны туралы" заң жобасы қаралуда.
Кеңінен талқыланып, қабылданатын жаңа Заң қандастарымыздың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп есептеймін.
Ол қандастарымыздың құжат тапсыруда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін түрлі кедергілерді жоюы тиіс.
Бұл орайда бір нәрсені қаперде ұстаған жөн. Соңғы кездері белгіленген квота толмауда.
Туған елге табан тіреймін, көшіп келемін деушілерге қашанда есігіміз ашық екенін мен тағы да қайталап айтамын.
Бұл орайда, қандастарымызды Отанға оралту жұмысын жүйелей түсу керек. Дүниеде жағдайдың әртүрлі екенін білесіздер. Біз дүниежүзілік дағдарыстан өзге елдермен бірге шығып келеміз. Сондықтан "келем дегеннің бәріне қаражат, үй, жұмыс беріп, толықтай алып келетін жағдаймыз бар" деп ойламаңыздар. Біздің 20 мың отбасы деп отырғанымыз сондықтан.
Ал бірақ өз бетімен көшіп келіп, ағайын болып, отбасымен қосылып, басқа жағдайлармен келсе, әсіресе жастар оқуға келем десе, оларға да ешқандай кедергі болмайды.
Осыған байланысты біз "Нұрлы көш" бағдарламасының 2-ші кезеңінің жобасын қолға алуды жоспарлап отырмыз.
Бұл кезеңде қандастарды жаңа өндірісті өңірлер мен ауыл шаруашылығына кеңінен тартудың жолдары сараланатын болады.
Ол үшін келген мамандарды қажеттілікке байланысты қайта даярлап, қысқа мерзімде оқытумен қамтамасыз етеміз.
Мемлекет қандастарымызға қатысты қамқорлығын жалғастыра береді.
Бағдарламаның еліміздің индустриялық дамуымен байланысты екенін қаперден шығармағандарыңыз абзал.
Екіншіден, шетелден келген құрылтай қонақтарының басым көпшілігі – 60 пайызы жастар екен.
Жастар – біздің болашағымыз.
Біздің әлемдегі барша қазақ жастарының сапалы білім алуына тиісті жағдай жасауымыз қажет. Қазақстанда біз оны жүзеге асырамыз.
Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігіне қандастарымызға бөлінетін гранттық квотаны нақтылап, жастарымен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырамын.
Қазір білектінің емес, біліктінің озатын заманы.
Астанада әлемдік деңгейде Халықаралық университеті ашылғанын білесіздер. Кіріп-шығып, көріп те қайтарсыздар.
Бұл жоғары оқу орнында дүниежүзінің ең білікті мамандары мен ғалымдары дәріс оқиды.
Сондықтан, мен әлемнің әр қиырындағы қазақ жастарын атамекенде оқуға және қазақ еліне қызмет етуге шақырамын.
Қазір жаңа дәуірге қадам басқан Қазақстанға отаншыл, білімді жас мамандар аса қажет. Жас қыздар мен жігіттер келіп оқитын болса, осында оқу бітіріп, мамандық алып, кейін ата-аналарын шақырып алатын шығар. Ол да қажет.
Сондықтан, шетелдерде техникалық білім алған қазақ жастарын индустриялық өндіріске жұмысқа тарту керек.
Қажет болса, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуді енгіземіз.
Үшіншіден, біз шеттегі қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесеміз.
Байланыс және Ақпарат министрлігі "Каспионет" арнасының қазақтар тұратын елдерге таралуын қамтамасыз етуі керек.
Сонымен бірге, ұлттық дәстүріміз бен тарихымыз туралы хабарларды арттыру жолдарын қарастыруды тапсырамын.
Бұған қоса, министрлік дүниежүзіндегі қазақ жастарының байланысын нығайту үшін арнайы веб-портал ашқаны жөн.
Төртіншіден, қандастар тұрып жатқан елдерде ұлттық өнерді кеңінен таратуына жағдай жасауымыз керек.
Біз қазақтың қаймағы бұзылмаған көрші елдерде ұлтымыздың аса құнды рухани мұралары сақталғанын жақсы білеміз.
Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне экспедициялар ұйымдастырып, осындай құнды мұраларды жинақтауды тапсырамын.
Бесіншіден, біз шет елдерде кіші құрылтайлардың тұрақты өткізілуін құптаймыз.
Осыған байланысты, бұл құрылтайларға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат Қоры қолдау көрсететін болады.
Қадірлі қауым!
Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы!
Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы!
Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақыттта ұмытпауымыз керек.
Қазақтың абыройын асырып, мерейін тасытқан – ел тәуелсіздігі!
Сондықтан, біздің басымызға бақ боп қонған тәуелсіздіктен асқан ешқандай құндылық жоқ.
Ендеше, тәуелсіздіктің 20 жылдығына тұстас келіп, ақ түйенің қарны жарылған бұл той – біздің ұланасыр ұлы тойымыз.
Тойымыз тарқамасын, ардақты ағайын!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Алаштың айбыны, бар қазақтың ортақ Отаны – Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасасын!


Поиск  
Версия для печати
Обсуждение статьи

Еще по теме
Рабочий график Главы государства 31.05.2011
В Сенате состоялась презентация отчетов Правительства РК и Счетного комитета об исполнении республиканского бюджета за 2010 год 31.05.2011
Состоялся телефонный разговор Госсекретаря РК с Председателем ПАСЕ 31.05.2011
20-летие независимости – седьмая амнистия 31.05.2011
Новая стадия развития "Самрук-Казына" 31.05.2011
Счет пошел на миллиарды 31.05.2011
В Костанае 3-4 июня пройдет IV республиканский Форум патриотов "Менiн Казакстаным" 31.05.2011
Анонсы на брифинге Официального представителя МИД Аскар Абдрахманова 31.05.2011
Судьи Верховного суда обсудили в Шымкенте вопрос: какие органы могут расследовать коррупционные преступления, а какие нет 31.05.2011
"Шарабан" передает… 31.05.2011

Новости ЦентрАзии
Дни рождения
в Казахстане:
25.04.24 Четверг
83. НОВИКОВ Никита
82. АЯПОВ Калкаман
79. КУРАКБАЕВ Куралбай
79. ШВАЙЧЕНКО Юрий
76. ДОСАЕВ Тасбулат
75. ЕЛЕМИСОВ Еркебулан
69. ДЖУРГЕНОВ Биржан
68. УТЕПОВ Болат
66. ТЕМИРХАНОВ Ерканат
64. УТЕУЛИНА Хафиза
63. КУЗЯКОВ Евгений
58. АУБАКИРОВ Каныш
56. АХТАМБЕРДИЕВ Ержан
55. КОЖАМКУЛОВ Мурат
55. ОМАРОВ Мурат
...>>>
26.04.24 Пятница
83. САРСЕКЕНОВ Тулен
81. АГИБАЕВА Мая
78. БАЕШОВ Абдуали
76. ОМАРОВ Кадыр
74. МАНКЕЕВА Жамал
73. ТАТАЕВ Бахыт
72. АТШАБАР Бакыт
70. АК-КУОВА Галия
68. ДЖЕКЕБАЕВ Крым
66. АБДЫГУЛОВА Найля
66. СЕРИКБАЕВ Ержан
66. СУЛЕЙМЕНОВ Нурислам
64. САКТАГАНОВ Максат
61. САПАРГАЛИЕВ Мухат
61. ТАИМБЕТОВ Багбан
...>>>
27.04.24 Суббота
77. ИСИН Нурлан
72. ЖАПАРОВ Жаксылык
71. ВЕРБНЯК Александр
71. КОЗЛОВ Александр
69. ОМАРОВ Жанай
68. ДОЛГИХ Сергей
67. КОШКИМБАЕВ Сапар
65. МАКСИМОНЬКО Василий
65. УРИНБАСАРОВ Тулеп
65. ХАМИТОВ Азат
63. ГУМАРОВА Майра
62. ДЕРЕВЯНКО Аида
62. ДУСИПОВ Еркин
61. КЛЕБАНОВ Александр
58. СЫЗДЫКОВ Марат
...>>>


Каталог сайтов
Казахстана:
Ак Орда
Казахтелеком
Казинформ
Казкоммерцбанк
КазМунайГаз
Кто есть кто в Казахстане
Самрук-Казына
Tengrinews
ЦентрАзия

в каталог >>>





Copyright © Nomad
Хостинг beget
Top.Mail.Ru
zero.kz